Мектебімізде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға 7-сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп аумағын тазалау, қоқыстарды жинау және айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар табиғатты аялау – әр адамның ортақ міндеті екенін түсініп, тазалық жұмыстарына ұйымшылдықпен атсалысты.