Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    Жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарының жүргізілгені туралы

    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілерге арналған жол өткелдерінен дұрыс өту, жол белгілеріне назар аудару, қоғамдық көліктегі және көшедегі қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсінік берді.Сонымен қатар, оқушыларға жолда абай болу, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.
    Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық ескертулер беріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

    ,
    18.09.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки