Салтанатты кеш Мемлекеттік Әнұранмен басталып, көк Туымыздың астында елге деген сүйіспеншілікке толы болды.
Оқушылар әр өнерімен туған жерге, Отанға, егемен елге деген шексіз махаббаттарын жеткізді.
Зал патриоттық рухқа, қошеметке толы болды!
1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке алғашқы қадамы басталды. 2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған Республика күні – бүгінде ұлттық мерекеміз!
Бұл кешті жоғары деңгейде дайындаған 9-сынып оқушыларына, сынып жетекшілеріне және өнер жетекшілеріне алғысымыз шексіз!
Барша қазақстандықтарды, ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі, көк Туымыз биік болсын!
Мәңгі жаса, Қазақстан!