Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Елтану» жобасы аясында семинар-практикум өткізілді

    Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ағартушылық жобасы аясында 2026 жылғы 23 маусым күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту.
    Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен «Елтану» жобасының маңызы түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие беру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
    Іс-шара аясында мектеп мұғалімдері мен білім саласының қызметкерлері үшін тәжірибелік сабақ, пікір алмасу алаңдары өткізіліп, ұлттық тарих пен мәдени мұраны насихаттаудың тиімді жолдары талқыланды.
    Семинар-практикум қорытындысында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде пікірлер айтылды.

    23.06.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки