Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего) КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
Жазғы лагерь аясында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) оқушылары үшін «Тарихи мұралар» тақырыбында аудандық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің тарихымен танысып, музейдегі құнды жәдігерлер мен тарихи мұралар туралы мол мағлұмат алды. Балалар ұлттық құндылықтардың маңызын түсініп, өткен тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шараны Д. Боскумбаева және Н. Тілеуқұл ұйымдастырып өткізді.