Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего) КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
Жазғы мектеп жанындағы лагерьде өткізілген “Ғажайып химия” үйірмесінде оқушылар химия ғылымының таңғажайып қырларымен танысты.
Үйірме барысында ең алдымен балаларға зертханалық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, химиялық тәжірибелерді орындау кезінде сақталатын талаптармен таныстырылды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бірнеше әсерлі әрі қауіпсіз тәжірибелер көрсетілді:
«Жанартау» тәжірибесі – химиялық реакция нәтижесінде пайда болған көбік арқылы жанартаудың атқылауын бейнеледі;
«Шарды үрлеу» тәжірибесі – реакция кезінде бөлінген газдың шарды өздігінен үрлеу құбылысын көрсетті; «Фараон жыландары» – химиялық реакция нәтижесінде пайда болған ерекше пішіндер балаларды таңғалдырды «Йодты түссіздендіру» тәжірибесі – заттардың қасиеттері мен химиялық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік берді.
Үйірме барысында оқушылар тәжірибелердің нәтижелерін қызығушылықпен бақылап, химия пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттырды. Осындай қызықты жұмыстар арқылы балалар ғылымның құпия сырларына қанығып, жаңа білім алды.