Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    Қызықты математика» үйірмесі

    Қызықты математика» үйірмесі
    Жазғы лагерь аясында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық білімдерін жетілдіру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қызықты математика» үйірмесі өткізілді.
    Үйірме барысында оқушылар «Білгір математик» атты математикалық викторинаға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап берді, логикалық есептер шешіп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыды.
    Іс-шараны математика пәнінің мұғалімі Тілеуқұл Н. ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, математика әлеміне қызықты саяхат жасап, көтеріңкі көңіл-күймен жақсы әсер алды.

    ,
    04.06.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки