Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    «Үсік жүрек реанимациясы антисептик»

    Шу ауданы білім бөлімінің "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)" КММ
    2026ж 19-мамыр күні «Үсік жүрек реанимациясы антисептик» тақырыбында 10 сынып қыздарымен іс-шара өткізілді. Сонымен қатар іс-шара барысында кәсіптік бағдар — оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу жұмысыда жүргізілді.
    Мақсаты:
    Қабілетті анықтау. Қызығушылықты зерттеу.Мамандықтармен таныстыру. Болашақты дұрыс жоспарлауға көмектеседі.Өз қабілетіне сай мамандық таңдауға бағыт береді. Сенімділік қалыптастырады.
    Сәлемдесу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып сәлемдесті.Сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларымен бөлісті. Мен қандаймын тренинг жүргізілді. Топтық жұмыс-«Арман картасы» қыздар болашақтағы армандарын постерге салып оны түсіндірді.Сауалнама алынды.
    Үсік — суықтың әсерінен тері мен дене тіндерінің зақымдануы. Көбіне қол, аяқ, мұрын, құлақ үсиді.
    Белгілері: Терінің ағаруы немесе көгеруі.Ұю, жансыздану Ауырсыну .Терінің қатуы.Алғашқы көмек: Зардап шегушіні жылы жерге кіргізу Жылы сусын беру. Үсіген жерді ақырын жылыту.Қатты ысқыламау.Жүрек реанимациясы — адамның тынысы немесе жүрек соғысы тоқтағанда көрсетілетін шұғыл көмек көрсету керек.
    1. Адамның есін тексеру.2. Жедел жәрдем шақыру (103).3. Тынысын тексеру
    4. Кеуде тұсына массаж жасау.5. Жасанды тыныс беру.6.Кеуде массажы:
    Қолды кеуде ортасына қою.Жылдам әрі терең басу. Шамамен минутына 100–120 рет.Антисептик — микробтарды жоюға арналған құрал. Қолданылуы: Қолды тазарту Жараны өңдеу Инфекцияның алдын алу Қолдану ережесі:Қолға жеткілікті мөлшерде жағу 20–30 секунд.
    Қорытынды:
    Қымбатты қыздар! Сендер – болашақтың жарқын иесісіңдер. Әрқайсыңның жүректеріңде ерекше талант, асқақ арман, үлкен күш бар. «Бүгінгі еңбек – ертеңгі жетістік».Сендердің болашақтарың өз қолдарыңда!


    20.05.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки