«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Ғылыми идеялар жәрмеңкесі» 5–7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жәрмеңке барысында балалар тәжірибе жасап, жаңа нәрсе ойлап тауып, оны басқаларға көрсетті.Жәрмеңкенің мақсаты:
Ғылымға деген қызығушылықты арттыру, өз бетінше ойлануды үйрету. Қарапайым тәжірибелер арқылы білімді түсіндіру, сөйлеу және таныстыру қабілетін дамыту.
5–7 сынып оқушыларына жеңіл әрі қызықты идеялар:
Өсімдіктің өсуі (жарық пен судың әсері)
Судың тазалануы (қарапайым фильтр жасау)
Батарея қалай жұмыс істейді (лимоннан тоқ алу)
Жел энергиясы (кішкентай жел диірмені)
Түстер тәжірибесі (су мен бояу араласуы)
Қорытынды: Бұл жәрмеңке балаларға: Ғылымды жақсы көруге, өз ойын еркін айтуға, жаңа нәрсе ойлап табуға көмектеседі.