Бүгін мектебіміздің жазғы лагерь демалушылары үшін ұмытылмас күндердің бірі болды. Балалар «Мұзбалақ» ойын-сауық орталығына барып, қызықты ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
ойын соңында балаларға тәтті балмұздақ ұсынылып, олардың қуанышы еселене түсті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері бұл күннің ерекше өткенінің айқын дәлелі болды.
Біз үшін әр баланың қуанышы мен қауіпсіз демалысы – басты құндылық. Осындай әсерлі сәттер балалардың жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз! Балалардың қуанышы – біздің басты жетістігіміз!