«Әлем баланың көзімен»
Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға және өмірге деген көзқарасын шығармашылық арқылы бейнелейтін тақырып. Бұл тақырып балалардың қиялын, арманын, мейірімділігін және дүниетанымын көрсетуге бағытталған.
Мақсаты;
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
Қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
Балалардың арман-мұраттарын бейнелеуге мүмкіндік беру;
Бейбітшілік пен достық құндылықтарын насихаттау.
Баланың көзімен қарағанда әлем – жарқын түстерге толы, мейірімді, бақытты және қызықты мекен. Балалар үшін әлем – достық, отбасы, табиғат, ойын, білім және арман әлемі.
«Әлем баланың көзімен» – бұл балалардың қиялы мен арманы бейнеленген ерекше шығармашылық алаң. Әр суретте мейірім, достық, бейбітшілік және жарқын болашаққа деген сенім көрініс табады. Балалар өз әлемін түрлі-түсті бояулар арқылы жеткізіп, айналасындағы сұлулықты паш етеді.
Жетеешілері;
Динасова
Нурмангалиева Г