Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «IQ-АРЕНА»

    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) Алға, Жайсан, Еңбекші магниттік мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен «IQ-АРЕНА» олимпиадасы ұйымдастырылды.
    Аталған білім сайысының басты мақсаты – тірек және магниттік мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, оқушылардың химия және биология пәндеріне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау болды.
    Олимпиада 28 сәуір күні директордың эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары Б. Джексенбаеваның жетекшілігімен, химия пәні мұғалімдері Р. Кашаганова, А. Халық және биология пәні мұғалімі Р. Еркебаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.
    Сайыс қорытындысы бойынша әр пәннен Бас жүлде, I, II, III орын иегерлері анықталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жүлдегер оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
    🔬 Химия пәні бойынша:
    Бас жүлде – Елшібай Дидар (М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі)
    I орын – Айдархан Бижамал (Жайсан орта мектебі)
    II орын – Қонысбай Инабат (Еңбекші орта мектебі)
    III орын – Байбөрі Ақсұңқар (Алға орта мектебі)
    🌿 Биология пәні бойынша:
    Бас жүлде – Жанысбек Айзере (Еңбекші орта мектебі)
    I орын – Кеулімжай Райян (Жайсан орта мектебі)
    II орын – Абылайхан Инабат (Алға орта мектебі)
    III орын – Абылхамит Алинұр (М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі)
    «IQ-АРЕНА» олимпиадасы – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың білімге деген ұмтылысын шыңдаған маңызды алаң болды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім бәйгесінде биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!



    28.04.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки