Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ
Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары:
Джексенбаева Баян Нияттуллаевна және педогог-профориентаторлар
Асаиынова Ж.Ж. Алатаева А.Е ұйымдастыруымен 2026 жылдың 24 сәуірде
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» мамандарымен 11 сынып қыздарымен сағат 08:45 тен 09:25 ке дейін Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
Конференцияның мақсаты: :
Оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру, университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру, түсу талаптары мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
Кездесу барысы:
Қатысушыларды таныстыру, кездесу мақсатын айту, университет туралы ақпарат беру, тарихы мен жетістіктері, факультеттер мен білім беру бағдарламалары, студенттік өмір туралы айтылды.
Мамандықтар таныстырылымы.
Педагогикалық және өзге бағыттар, заманауи мамандықтар, грант және оқу мүмкіндіктері.
Қорытынды:
Бұл университет – мұғалім болуды армандайтын қыздарға арналған ең үздік оқу орындарының бірі. Мұнда тек білім ғана емес, тұлғалық даму мен көшбасшылық қабілеттерде қалыптасады.