Меню KDT

logo.png?_=1748857557

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Қазыналы қартың болса, жазып қойған хатпен тең»

    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) дебат үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен 9 сынып мектеп дебатшылары қоғам қызметкерлерімен кездесу жасады. «Қазыналы қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп халқымыз айтқандай ауданымызда көп жылдар бойы еңбек етіп, қоғамға қызмет жасаған қоғам қайраткері ауданымызға еңбегі сіңген Құрметті азаматы «Шу өңірі» газетінің бас редакторы, журналист, ақын, публицист Ахметжан Қосақовпен және ауданымыздың «Ардагерлер кеңесі» орталығының алқа мүшелері ұлағатты ұстаздар Бейсенбаева Дания және Бастаубаева Сұлутай апамызбен оқушылар танысып, жүздесіп, сұхбаттасып қайтты.
    Мақсаты: Мектеп дебат мүшелері қоғамдық қызметкерлермен «Ашық микрофон» форматында кездесуін ұйымдастыру арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, еркін пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азамат тәрбиелеу.
    Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолында, шәкірт тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдері туралы әсерлі әңгімелер айтты. Дәния апамыз 40 жылдан аса уақыт С.Шәкіров мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. Қазақ халқының батыры, Желтоқсан оқиғасына қатысушы «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың ұстазы болғаны
    туралы және өзінің шәкірттерінің әлі күнге дейін хабарласып тұратыны, шет мемлекеттен білім алып, сол алған білімдерімен қазіргі таңда елімізге қызмет көрсетіп жүргендері туралы мақтана айтты.
    Сұлутай апамыздың өмір жолы метепте аға тәлімгерліктен басталып, содан Аудандық комсомол комитетінде , аудандық пионерлер үйінде, аудандық білім бөлімінде әдіскер , маман, бас маман болып, 2011жылы Президентіміздің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» жарық көріп, сол бағдарлама бойынша аудан әкімі Жабағиев Қожахан Көкірекбаевичтің бұйрығымен «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» директоры қызметіне шақырылып, 5 жыл қызмет еткен. Содан кейін «Нұр отан» партиясының басшысы болып тағайындалып , сол жерден зейнетке шыққан. Сұлутай Абдулиқызының арманы мұғалім болу еді , бірақ, ол кісі білімділігінің арқасында басшылықта қызмет жасағанын айтты.
    Келесі кездесуіміз ауданымызға еңбегі сіңген Құрметті азаматы «Шу өңірі» газетінің бас редакторы, журналист, ақын, публицист Ахметжан Қосақовпен болды. Оқушылармен үйіне барып ағаймен жүзбе- жүз кездесіп, әңгімелесіп қайтты. Ол кісі өзінің журналист болып жұмыс атқарғанына еш өкінбейтінін айтты. Аудандық баспаға алғаш жұмысқа келгенімде бас редактор Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіров туралы мақала жазуды бұйырды. Совет өкіметі уақыты парторог болып жұмыс істеген әйелдермен қызылша тазалап отырған кезінде танысқанын айтты .
    Алғаш мақала жазуып журналистік қызметін аудандық баспада басталды. Бас редактор Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіров туралы мақала жазуды бұйырды. Бұрынғы Киров ауылындағы егіс алқабында ауыл әйелдерімен қызылша тазалап отырған кезінде танысқанын айтты. Ол кезде Сәду Шәкіров парторг болып қызмет атқарған екен.
    Ахметжан атамыздың «Сезім тамшылары » атты өлеңдер жинағы, «Ар Әмірі» атты Сәду .Шәкіровке арналған туындысы, «Әбдімомын әлемі» атты Әбдімомын Желдібаевқа арнап шығарған кітаптары бар.
    Кездесу соңында апа - аталарымыз балаларға: « Бүгінгі кездесуде біз өз өмір тәжірибемізбен бөлісіп, сіздермен ой алмасқанымызға қуаныштымыз. Сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сондықтан білімді, тәрбиелі, елін сүйетін азамат болып өсуге талпыныңдар. Әрқашан ізденісте болып, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, алға қойған мақсаттарыңызға нық қадаммен жете біліңіздер. Еңбектенуден ешқашан жалықпаңыздар, себебі табысқа тек еңбек арқылы жетуге болады» деп баталарын берді

    ,
    30.04.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки