Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған “Ер есімі – ел есінде” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, әсерлі өлеңдер оқып, би билеп, көрініс көрсетті. Мерекелік кеш «Туған жер» хорымен ашылды.
Кеш барысында 6В сыныбы “Жусанның иісі” көрінісін қойып, 5А сыныбының оқушысы Сабырқұл Амина “Әлия” әнін орындады. Сонымен қатар 5Ә және 5Б сынып оқушылары Жеңіс күніне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. 5В сыныбының ұлдар биі орындалып, 5Б сыныбынан Әмет Раяна мен Нұрланқұл Береке “Туған жер” әнін орындады. Іс-шара “Жеңіс күні” әнімен қорытындыланды.
Бұл мерекелік кеш оқушылардың бойындағы патриоттық рухты нығайтып, батыр бабалар ерлігін ұлықтауға арналды.