Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего) КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
Жазғы лагерь аясында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) оқушылар үшін «Kino Time» атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй сыйлау және достық қарым-қатынасты нығайту болды. Кино көру барысында оқушылар қызықты оқиғаларға куә болып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен жақсы тәлім-тәрбие алды.
Кино көрсетілімінен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ұнаған кейіпкерлері мен қызықты сәттер туралы пікір алмасты. Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы демалыстың жарқын күндерінің біріне айналды.
Жазғы лагерьдегі әр күн балалар үшін қызықты да пайдалы өтуде!