2026 жылдың 20 мамыр күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Құқық пен тәртіп – мәңгілік құндылық» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен прокурор сыныбының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң мен тәртіпті құрметтеуге бағытталған тағылымы мол, маңызы зор іс-шара болды.
Аталған шараға Шу ауданының зиялы қауым өкілдері мен аудан басшылары арнайы қатысып, мектеп ұжымының атқарып жатқан жұмыстарына жоғары бағаларын берді. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалының төрағасы Жасұлан Әбенов, Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар Саттарқұлұлы және Шу аудандық прокуратурасының прокуроры Талғат Қыдырәліұлы Оспанов қатысып, құқық пен тәртіптің қоғамдағы орны туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
Шара барысында Шу аудандық прокуратурасы мен Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл — жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру жолындағы маңызды әрі тарихи қадамдардың бірі болды. Меморандумға Шу аудандық прокуратурасының прокуроры Талғат Қыдырәліұлы мен мектеп директоры Махаббат Төлегенқызы қол қойып, жас прокурорларға арнайы куәліктер табыстады.
Іс-шара аудандық білім бөлімінің басшысы Ж. Жазықбаевтың жүрекжарды құттықтау сөзімен ашылып, келген қонақтар мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, құқықтық бағыттағы осындай ауқымды жобаның Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде ұйымдастырылуы — білім мен тәрбиеге берілген үлкен мәннің айғағы екенін атап өтті.
Кеш барысында өнерлі оқушылар мың бұралған билерімен көрермендерді тәнті етіп, әуелеген әсем әндер орындады. Әрбір қойылым кештің мазмұнын аша түсіп, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Қонақтар іс-шараның ұйымдастырылу деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтіп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Шараның ерекше бөлімдерінің бірі — жас прокурорларға арналған сот процесінің сахналық көрінісі болды. Оқушылар сот отырысының жүргізілуін әсерлі түрде сахналап, құқықтық білімдері мен сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді. Көрініс көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараның ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын арттырған сәттерінің бірі — заманауи 3D форматында ұйымдастырылған көрме болды. Көрме барысында оқушылар өздерінің тың идеялары мен шығармашылық жобаларын таныстырып, оларды жоғары деңгейде қорғап шықты. Жас прокурорлар құқық пен тәртіп тақырыбын заманауи көзқараспен ұштастырып, өз жобалары арқылы қоғамдағы заң мен әділдіктің маңызын ерекше көрсете білді. Қонақтар оқушылардың білімдеріне, еркін ойлау қабілеттеріне және жобаларды кәсіби деңгейде таныстыра алу шеберліктеріне жоғары бағаларын берді.
Кездесу соңында аудан прокуроры Талғат Қыдырәліұлы оқушылармен еркін әңгімелесіп, өз мамандығының қызықты әрі жауапкершілігі мол қырлары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жас прокурорларды аудан прокуратурасының ғимаратына арнайы шақырды. Ол жердегі қызметкерлердің жұмыс барысымен таныстырып, ғимаратты оқушылар аралап, болашаққа деген бағыт-бағдар алды.
Кездесу соңында оқушылар тәртіпті, заңға құрметпен қарайтын саналы азамат болуға, өз құқықтарын қорғай отырып, өзгенің құқығына қол сұқпауға, айналасына зиян келтірмей, қоғамға пайдасын тигізетін тұлға болып қалыптасуға уәде берді